Жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Барлығы 14 жас маман қатысты. Қатысушылар педагогикалық идеялармен бөлісті, оқытудың инновациялық тәсілдерін ұсынды, алғашқы тәжірибе мен шабытпен алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей орналасты:
1 орын - Исаев А.В. (Абай ат. МЛ бастауыш сынып мұғалімі);
2 орын - Аманова А.А. (№12 жббм орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Иманалинова А.С. (№12 жббм дефектологы), Сұлтанходжаева М.Т. (№4 жббм математика пәнінің мұғалімі);
3 орын-Сапабек А. Е. (Естай Есжанов ат.№9 жббм химия пәнінің мұғалімі), Т.В. Қайырбаева (№10 жббм бастауыш сынып мұғалімі), Л.С.Харина (Тоқтаров жббм ағылшын тілі мұғалімі)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Болашақта жаңа жетістіктер, шабыт және шығармашылық идеялар тілейміз!




