2019 жылғы 13 қараша күні №12 орта мектепте полицияның жас көмекшілері жасақтарының ІІІ аудандық слеті өтті. Осы жылы слетке 15 білім беру мекемесінің командалары қатысты ПЖК жасақтары қатысты: Забелов ОМ, Милютин ОМ, Пригородный ОМ, Степной ОМ, Чайковский ОМ, Красноармейск НМ, Станционный НМ, №1,2,3,4,9,10,12 қала мектептері және Гимназия. Балалар алты сайыс бойынша жарысты: «Агитбригада» конкурсы, онда жасақтар өздерінің үй тапсырмасын – жоғары құқықтық мәдениет пен тәртіпті тәрбиелеу бойынша музыкалық бағдарламаны көрсетті; «Эрудиттер турнирі» барысында кәмелетке толмағандардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін білуі тексерілді; «Жас тілші» онда жеребе бойынша таңдалған тақырып бойынша жазба жазу қажет болды; «Жасақтың үздік күнделігі» конкурсы, онда жасақтың күнделігін ұсыну қажет болды; ұйымшылдыққа тренинг, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы байқаулары да өткізілді. Слетке қатысушылардың тапсырмаларды орындауын әділ қазылар алқасы бағалады, оның төрағасы білім бөлімі басшысының орынбасары А. Мендаулетов болды.
Қазылар алқасының құрамына жастар ресурстық орталығының жетекшісі Д. Хайрат, «Намыс» үкіметтік емес бірлестігінің төрайымы У. Кокжанова, Жітіқара жаңалықтары газетінің тілшісі Д. Исмайлов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Ахметова, білім бөлімінің бас маманы Ж. Бримжанова, білім бөлімінің әдіскері Т. Гаврилюк, әдіскер психологы Г. Сагнаева, білім бөлімінің спорт жөніндегі әдіскері Р. Гайдулин кірді.
Өткен іс-шараға жастар ресурстық орталығының жетекшісі Д. Хайрат жоғары баға берді, ол ПЖК отрядтарының слетін үнемі өткізу қажет екенін атап өтті, себебі мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар балаларды өз іс-әрекетіне өз бетінше баға беруге үйретеді, сонымен қатар оқушыларды заңға бағынышты мінез-құлыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелейді.
Байқау қорытындысы бойынша аудандық жасақтар слетінің жеңімпаздары қалалық және ауылдық мектептер арасында жекелеген түрде анықталды.:
Командалық есепте ауылдық мектептер арасында орындар былайша бөлінді:
1 орын - Пригородный орта мектебінің «Кодекс» командасы;
2 орын – Чайковский орта мектебінің «Жұлдыз» командасы;
3 орын – Забелов орта мектебінің «Әділет» командасы.
Сондай-ақ қала мектептері арасында:
1 орын - № 4 орта мектептің «Кодекс чести» командасы;
2 орын – гимназияның «Жас ұлан» командасы;
3 орын – № 12 орта мектептің «Правовой патруль» командасы.
Барлық жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды, қалған командалар қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды.