
Құрметті сайт қонақтары!
Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.
Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.
Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы
Жаналықтар
Аудан педагогтарының назарына!
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес (2023 жылғы 2 маусымдағы №157 бұйрыққа енгізілген өзгерістермен) 2025 жылғы 8 шілде 25 шілде аралығында «Үздік педагог» республикалық конкурсының І (аудандық) кезеңі өткізіледі.
Анықтама телефоны:8 (71435) 2-35-03.
Прокурорлар майдан шебінде
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүздеген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шайқаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда прокуратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тылдағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.
Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес Одағының батырлары бар. Атап айтсақ, олар – Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров және халқымыздың мақтанышы, қолбасшы Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлының ерлігі мен әскери қолбасшылық қабілеті, әскери ғылымға қосқан еңбегі, жазушылық таланты туралы жұрт жақсы біледі. Аңызға айналған қолбасшының өмір жолы мен майдандағы ерлігі туралы көптеген ғылыми зерттеу, көркем шығармалар жазылып, деректі және көркем фильмдер түсірілген. Алайда Кеңес Одағының батыры 30-жылдары Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет еткені көпшілікке беймәлім. Оның өр мінезі, қайсарлығы, әділдігі мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына прокуратурадағы қызметі де ықпал етті деп ойлаймыз. Ол өзінің «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде үлкенге құрмет, парыз бен ар-ожданды сезіну, қоғамдық тәртіп пен заңдарды мүлтіксіз сақтау – адамның бойындағы асыл қасиеттер екенін айтқан. Батырдың бұл сөздері әлі де өзекті және Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасымен сабақтасып жатыр. Жеңістің 80 жылдығына орай батырдың келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен Жамбыл облысы прокуратурасы жанында мемориал тас қойылды, ал Жуалы ауданы прокуратурасы ғимаратына ескерткіш-тақта орнатылды.
Ал соғыстың алдында Қарағанды прокуратурасында тергеуші болған Нұркен Әбдіровтің ерлігі – бөлек әңгіме. Соғысқа аттанар алдында облыс прокуроры әскери комиссариатқа ол туралы берген мінездемеде былай деп жазылған екен: «тәртіпті, сабырлы, саяси сауатты». Осы бірауыз сөзден-ақ оның қандай адам болғанын көреміз. Нұркен Әбдіров таңғажайып ерлік жасаған десек, артық болмас. 1942 жылдың 19 желтоқсанында аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы Нұркен Әбдіров серігі атқыш-радист Александр Комиссаровпен бірге отқа оранған ұшақты жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, он танк, екі зенит қаруын, ондаған жау офицері мен солдатын жояды. Сол кезде небәрі 23 жаста екен.
«Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы
Тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтау, жалпылау және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыру, Жітіқара ауданының орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын анықтау мақсатында 2025 жылдың сәуір айында «Орта білім берудің үздік ұйымы» байқауының аудандық кезеңі өтеді.
Грант беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығымен бекітілген және білім бөлімінің zhitikara.edu.kz сайтында орналастырылған.
Конкурсқа қатысуға құжаттар 2025 жылғы 21 сәуірге дейін Жітіқара қаласы, 4 шағын ауданы, 27 үй, «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ, 3 қабат мекенжайы бойынша жалпы орта білім беруді дамыту секторы «Орта білім берудің үздік ұйымы» конкурсы деген белгісі бар конвертте қабылданады.
Конкурстық материалдарды қарау мерзімі 2024 жылғы 22-25 сәуір аралығында.
Анықтама телефоны: 2-56-10.