Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ
ГУ «Отдел образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-ғимарат) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың тиісті түрде ресімделген сенімхаты болған жағдайда уәкілетті өкілдері конкурс ұйымдастырушысының кеңсесіне тікелей немесе тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы мына мекенжай бойынша ұсынады: Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-ғимарат, әдістемелік кабинет. Өтінімдер 2026 жылғы 20 қазаннан 30 қазанға дейін қоса алғанда, әр жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.
Өтінімді ресімдеуге және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттаманы ұсынуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген.
Конкурсқа білім беру саласындағы уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Толығырақ...Бос жұмыс орындары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ ГУ «Отдел образования Житикаринского района»
Управления образования акимата Костанайской области
