Құрметті сайт қонақтары!
Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.
Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.
Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы
Жаналықтар
Аудан педагогтарының назарына!
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес (2023 жылғы 2 маусымдағы №157 бұйрыққа енгізілген өзгерістермен) 2023 жылғы 10 шілдеден бастап 28 шілдеге дейін «Үздік педагог» республикалық конкурсының І (аудандық) кезеңі өткізіледі.
Анықтама телефоны:8 (71435) 2-35-03.
2022 жылғы желтоқсанда педагог-модератор санатына аттестациядан өткен педагогтар тізімі
2022 жылғы 23 желтоқсандағы №275 бұйрық
1. Мынадай педагог қызметкерлер мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді:
№ |
ТАЖ |
Лауазымы |
Берілген біліктілік санаты |
1 |
Евдокимова Наталья Викторона |
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі |
педагог-модератор |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бастауыш сынып мұғалім маманын шақырамыз.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі»КММ-сі келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
- Бастауыш білім беру мұғалімі. Жүктеме сағатпен -16 сағат, лауазымдық жалақы мөлшері-180000 теңге
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 19 қаңтардан 27 қаңтарға дейін.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі»
2022 жылдың қазан айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» байқауының республикалық кезеңін өткізді. Байқауда Забелов жалпы білім беретін мектебі 2-орынға ие болды. Мектептің педагогикалық ұжымын республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жоғары жетістіктер тілейміз!