Құрметті сайт қонақтары!
Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.
Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.
Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы
Жаналықтар
«Педагогтің ақпараттық құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ортаны модельдеу»
2020 жылдың 23 қазанында онлайн режимінде «Педагогтің ақпараттық құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ортаны модельдеу» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді.
№3 лицей-мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А.Мурзабекова және Д. Айтмагомбетова педагогтің ақпараттық құзыреттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ортаны модельдеу бойынша жұмыс жүйесін ұсынды.
Станция негізгі мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Наурузбаева өз сөзінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру туралы айтты.
№10 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Черникова, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтің ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру бойынша әдістемелік қызметтің жұмыс тәжірибесімен таныстырды.
«Үздік психолог»
Кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтауға бағытталған «Үздік психолог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Конкурсқа қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біріне эссе, өзін-өзі таныстыру, авторлық бағдарламаның презентациясын ұсынды. №4 орта мектептің педагог-психологы Сергей Сергеевич Камагин «3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар» санатында 2 орынға ие болды.
«3 жылдан 7 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтар» санатында №12 орта мектептің педагог-психологы Гаухар Жомартқызы Маданова 1 орынды иеленді, ол байқаудың республикалық қорытынды кезеңінде Қостанай облысын таныстыратын болады.
Құрметті Қостанай облысының мектеп оқушыларының ата-аналары!
2020 жылға 6 сәуірде облысымыздың барлық мектептері қашықтықтан оқытуға көшіуіне байланысты Сізге Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі өтініш етеді. Карантин жағдайында бұл оқу түрі осы оқу жылын сәтті аяқтаудың жалғыз мүмкіндігі болып отыр. Қазір барлығымызға да оңай емес.
Біздің балаларымыздың мұғалімдеріне одан да қиын. Қысқа уақыт ішінде қашықтықтан білім беру үдерісін ұйымдастыру-бұл өте қиын міндет. Бірақ! мұғалімдерімізге оқу жүктемесінен басқа ата-аналардың сұрақтары мен өтініштерін реттей отырып , олармен көп жұмыс істеуге тура келеді. Біз барлық ата-аналарды балаларымыздың мұғалімдерімен қарым-қатынаста әрдайым табандылық, шыдамдылық, өзара түсіністік танытуды сұраймыз.
Виртуалды ортаның өсу әсері жағдайында әлеуметтік, бейвербальдік, эмоциялық байланыстары айтарлықтай қысқарған мектеп оқушыларына да оңай емес. Осы уақытқа дейін біздің балаларымыз үшін мектеп пен қосымша білім беру ұйымдары баламалы пайдалы шынайылық болған, бірақ бүгінгі күні бұл да шектеулі және балаларымызды гаджеттерге тәуекел етеміз деп қорқамыз. Цифрлық аутизм қоғамда ең қорқынышты пандемиядан тезірек таралады. Одан аман қалу-тек отбасында ғана. Енді тек біз, ата-аналар, балалардың әлеуметтік кеңістігін ұйымдастыруға жауаптымыз. Біздің міндетіміз оны қазіргі заманғы техникалық құралдар, балаларымызға достарын, педагогтарды және бізді ауыстырмай, білім алатын құрал болып қалатындай етіп ұйымдастыру.
Құрметті ата-аналар! Барлығымыз да алаңдаулымыз, күмәнданудамыз. Бұл өзгерістерді қабылдау қалыпты. Бірақ бүгін, біз үшін ортақ жауапкершілік қажет. Өйткені қашықтықтан оқытуға уақытша көшу үдерісінен біздің балаларымыздың қиындықсыз өтуі тек екі институт қана көмектесе алады – бұл отбасы мен мектеп, олар бір-бірімен толық, үздіксіз және сапалы өзара іс-қимыл жасау шартымен жасай алады.
Қостанай облысы ата-аналарының сараптамалық-консультативтік кеңесі бұл сынақты тек отбасы институты ғана емес, сонымен қатар отбасы мен мектептің әріптестік қарым-қатынасын күшейтеді деген сенімдеміз!
Қостанай облысы ата-аналарының
сараптамалық-консультативтік кеңесі
денсаулық, амандық және
оқу жылын сәтті аяқтауды тілейді
Жітіқара ауданының әкімі А.С.Ыбыраевтың брифинг өтті.
2019 жылғы 22 қарашада Қостанай облысының Өңірлік коммуникация қызметі алаңында Жітіқара ауданының әкімі А.С.Ыбыраевтың «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Жітіқара ауданында шағын және орта бизнесті дамыту,инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Аудан экономикасының негізгі капиталына86%-артуымен, 13 млрд.100 млн. теңге инвестициялар тартылды. Жалпы облыс құрылымында аудан 4-ші орында. Ағымдағы жылы ауданда 440,8 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды; Забеловка ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жүргізілді, жалпы құны - 476,3 млн. теңге құрайды. Сондай-ақ, 4 шағынаудандағы №33 80 пәтерлі үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды, жұмыстарды жүргізу мерзімі-2019-2021 жылдар, жоба сомасы – 463,5 млн.теңгені құрайды. Республикалық, облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен аудандық және қалалық автомобиль жолдарының, қалалық орамішілік өтпе жолдардың учаскелерін жөндеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан барлығы 793,4 млн.теңге бөлінді.