Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-ғимарат) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың тиісті түрде ресімделген сенімхаты болған жағдайда уәкілетті өкілдері конкурс ұйымдастырушысының кеңсесіне тікелей немесе тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы мына мекенжай бойынша ұсынады: Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-ғимарат, әдістемелік кабинет. Өтінімдер 2026 жылғы 20 қазаннан 30 қазанға дейін қоса алғанда, әр жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.
Өтінімді ресімдеуге және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттаманы ұсынуына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген.
Конкурсқа білім беру саласындағы уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны туралы хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) Мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарлау жүйесінің бар екендігі туралы ақпарат.
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен жасалған шарт (үш топқа дейінгі сыйымдылығы бар ұйымдар үшін).
4) Штат кестесінің көшірмесі және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері.
5) Ғимаратты немесе үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (болған жағдайда).
Құжаттар мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы («электрондық үкімет» веб-порталы — www.egov.kz, www.elicense.kz) ұсынылады.
Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкімет» веб-порталы — www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексереді:
1) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
2) Медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия.
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамасы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы №29/қе бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңыздылығы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген).
5) Конкурсқа құжаттар тапсырылған күнге дейінгі бір айдан аспайтын мерзімде берілген, мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешектің жоқтығы (бар-жоғы) туралы мәліметтер.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен куәландырылған құжаттарды электрондық форматта білім бөлімі органының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, мектепке дейінгі ұйым оларды білім бөліміне қағаз түрінде жолдайды. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен куәландырылады және белгіленген тәртіппен ұсынылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 2-35-03 телефоны арқылы алуға болады.
«Жітіқара ауданының білім
бөлімі» ММ басшысы М.Бимағамбетова
