1
2
3
4

 

rukovoditel2

 

Құрметті сайт қонақтары!

Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.

Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.

Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы

 

 

 

Маршруты движения школьных автобусов

График движения школьных автобусов в школы со старой части города 2023 – 2024 учебный год

__________________

 

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесін құру туралы хабарлайды. Ұсыныстарды қабылдау жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-құрылыс мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

flag


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Gerb

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 

Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов

  

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!