1
2
3
4

1. Қызмет беруші туралы мәліметтер: «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ. Заңды мекен-жайы: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 4 шағын аудан, 27 үй. Е-маil: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. (факс): 8 (71435)2-30-37.

Бөлім басшысы-Бимагамбетова Майра Ілиясқызы. "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауаптылар - әдіскер Кунтуарова Юлия Николаевна, әдіскер – Ковалева Галина Александровна, бас маман - Ермухаметова Гульмира Әнуарбекқызы, бас маман – Шармухамбетова Толқын Кенжеболатқызы, бас маман – Алтыбаева Роза Бақытжанқызы .

   2019 жылы "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарымен (аудан мектептері, сәбилер бақшалары, қосымша білім беру) бірлесіп 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу

3. Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру және кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу

4. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

5. Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау; 6. Білім беру ұйымының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау;

8. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау;

9. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;

10. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;

11. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

12. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

13. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

14. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;

15. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;

16. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;

17. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

18. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын ауыстыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;

19. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау;

20. Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру;

21. Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;

22. Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру;

23. "Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"

24. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»