1
2
3
4

Мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес "Әлеуметтік -эмоционалды баланы тәрбиелеу" ттақырыбына іс шара өткізілді. Мақсаты:*Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қалыптастыру, өз сезімін түсінуге және дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету .«Қарлығаш» бөбекжайында тәрбиеленушілердің әлеуметтік және эмоционалды дамуын қолдау маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта психолог Танжарикова Данара Фазаркановна ұжымға «Әлеуметтік-эмоционалды баланы тәрбиелеу» тақырыбында пайдалы кеңес өткізді.
Біз әр баланың ішкі әлемін түсініп, оны дұрыс бағытта дамытуға тырысамыз.

Мобильдік топтың мамыр айының жоспарына сай, “Ата-аналармен бірлескен шығармашылық пікір алмасу” тақырыбы аясында жұмыстар жүргізілді.

Балабақшадағы ата-аналармен шығармашылық пікір алмасу – бұл бала тәрбиесіндегі маңызды өзара байланыс алаңы. Мұнда ата-аналар мен педагогтер тәжірибе бөлісіп, жаңа идеялар ұсынып, ортақ шешімдер қабылдайды.

 Мақсаты:
– Бала тәрбиесінде ата-ана мен педагогтің серіктестігін нығайту.Шығармашылық ойлау мен жаңа идеяларды дамыту.

 Анықтамасы:
Ата-аналармен бірлескен шығармашылық пікір алмасу – бұл ата-аналар мен тәрбиешілердің бала дамуына қатысты ойларын, ұсыныстарын және тәжірибелерін ортаға салып, бірлесіп талқылау үдерісі. Бұл формат дөңгелек үстел, тренинг, ашық есік күні немесе еркін әңгіме, ойындар түрінде ұйымдастырылады.

Бір пікір – жаңа мүмкіндік!
 Бірге талқылап, бірге дамытайық!

 

https://youtube.com/shorts/IudvWUI80NQ?si=mYHa0zlZDJBflLHB

 

2 мобильдік топтың жоспарға сай тақырыбы “Озат тәжірибелер алаңы” атты кездесу ұйымдастырылды.
Озат тәжірибелер алаңының мақсаты – білім беру ұйымдарында педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, тиімді әрі нәтижелі педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау, сынақтан өткізу және кеңінен тарату арқылы білім беру сапасын жақсарту.
Педагогтардың басым бөлігі озық тәжірибелер алаңына оң көзқарас білдірді. Олар инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру кәсіби дамуға ықпал ететінін атап өтті.
Кәсіби құзыреттіліктің артуы:педагогтар озық тәжірибелер алаңы аясында өткізілген шеберлік сағаттары, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері мен тәжірибе алмасу жұмыстары кәсіби шеберлікті арттыруға мүмкіндік бергенін көрсетті.
Инновациялық әдістерді қолдану деңгейі жұмыс барысында педагогтардың жаңа технологиялар мен заманауи әдістерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу белсенділігі артқаны байқалды. Әсіресе, ойын технологиялары, жобалық және зерттеушілік әдістер кеңінен қолданылуда.
Кездескен қиындықтар:кейбір педагогтар әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігі мен уақыттың тапшылығын қиындық ретінде атап өтті. Сонымен қатар, тәжірибені жүйелеу мен құжаттау барысында қолдаудың қажет екені анықталды.
Ұсыныстар:педагогтар әдістемелік қолдауды күшейту, тәжірибе алмасу алаңдарын жиі ұйымдастыру және үздік тәжірибелерді электронды жинақ ретінде тарату.
Педагогтардың озық тәжірибелер алаңына белсенді қатысып, оны кәсіби дамудың тиімді тетігі ретінде қабылдайтынын көрсетті. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру педагогикалық үдерістің сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.

https://youtube.com/shorts/cphJQr_l_CQ?si=wtb_xYQ2TcVNF85g