Мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес "Әлеуметтік -эмоционалды баланы тәрбиелеу" ттақырыбына іс шара өткізілді. Мақсаты:*Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қалыптастыру, өз сезімін түсінуге және дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету .«Қарлығаш» бөбекжайында тәрбиеленушілердің әлеуметтік және эмоционалды дамуын қолдау маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта психолог Танжарикова Данара Фазаркановна ұжымға «Әлеуметтік-эмоционалды баланы тәрбиелеу» тақырыбында пайдалы кеңес өткізді.
Біз әр баланың ішкі әлемін түсініп, оны дұрыс бағытта дамытуға тырысамыз.


