2023 жылдың 25 тамызында Жітіқара ауданы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламасын түсіндіру бойынша облыстық семинарға қатысты.
Семинарға қатысушылар бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін, тәрбие құндылықтарын іске асыру мәселелерін қарастырды.
2023 жылдың 19 мамырында Жітіқара аудандық білім бөлімінің бастамасымен Балалар шығармашылық үйінің базасында Балалар ұйымдары күніне арналған Біріккен әрекет науқаны өтті.
Науқанға жалпы білім беретін мектептердің 8 командасы қатысты.
Білім бөлімінің басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы құттықтау сөз сөйледі.
Білімге деген құштарлық пен өзін-өзі жетілдірудің, іскерлікке жауапкершілікпен қараудың жарқын мысалы ретінде аудан мектеп оқушыларының Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс-шараларына белсене қатысуы екенін атап өтті.
Науқан аясында қозғалыстың белсенді қатысушылары: әлеуметтік жобалардың, зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мадақтамалармен марапатталды.
Одан әрі науқанға қатысушылар станциялар арқылы қызықты саяхат жасап, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды.
2023 жылдың 29 наурызында Білім Бөлімінің бастамасымен балалар шығармашылығы үйінің базасында «Заң барлығына бірдей» аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге мынадай командалар қатысты:
«Ахмет ұрпақтары» («Жастар ресурстық орталығы» КММ);
«Закон и порядок» («Учреждение №39» РММ);
«Болашақ» ( педагогтар құрамасы);
«Орда»( Балалар шығармашылығы үйі).
Турнирдің қарарына сәйкес командалар американдық парламенттік форматқа сәйкес кейстер дайындады.
Турнир жеңімпаздары:
1 орын–«Болашақ» командасы;
2 орын-«Ахмет ұрпақтары» командасы;
3 орын- «Орда» командасы.
Курбацкий Ярослав Сергеевич (Абай атындағы мектеп лицейі) турнирдің үздік спикері болып танылды.
Турнирдің жеңімпаздары мен қатысушылары «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ грамоталарымен марапатталды.
2023 жылғы 1 наурызда Жітіқара ауданының 95 жылдығын мерекелеу аясында Білім бөлімінің бастамасымен Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте қаланың 6-7 сынып мектеп оқушылары үшін «Достық керуені» саяхаты атты аудандық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының тарихи өткен өмірі мен дәстүрлеріне, этникалық мәдениетіне қызығушылығын дамыту, Қазақстандағы түрлі диаспора өкілдерінің тілдеріне, әдет-ғұрыптарына ұжымдық-шығармашылық іс-қимылға тарту арқылы құрметпен қарауды дәріптеу.
Іс-шараны білім бөлімінің басшысының орынбасары Шармұхамбетова Т.К. алғы сөзімен ашып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара этномәдени орталықтарға саяхаттау түрінде өтті: «Чингу» (корей), «Дустлик» (өзбек), «Рухангиз» (әзірбайжан),«Сакартвело» (грузин) , «Светлица» (орыс), «Бабалардын төшү» (кырғыз), «Хуторок» (украин), «Бұлақ» (татар-башқұрт), «Freundschaft» (неміс орталығы).
Балалар «Шеберлер қаласы» атты этномәдени шеберханаларының жұмысына қатысып онда Қазақстан халықтарының ұлттық шығармашылық элементтерін, қолөнерін, өнерін үйренді.
Іс-шара достықтың дөңгелек биімен мәресіне жетті. Этномәдени орталықтардың өкілдері біздің еліміздің көпұлттылығының белгісі ретіндегі түрлі түсті жолақтарды шаңыраққа байлады.
Іс-шара «Алғыс қызғалдағы» акциямен аяқталды. Этномәдени орталықтардың өкілдері өздерінің дарындылығы және шығармашылығы үшін алғыс ретінде сыйға алған қызғалдақтарын өз кезегінде шын көңілден жітіқаралықтарға арнап тарту етті.
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына