1
2
3
4

Мобильдік топтың мамыр айының жоспарына сай, “Ата-аналармен бірлескен шығармашылық пікір алмасу” тақырыбы аясында жұмыстар жүргізілді.

Балабақшадағы ата-аналармен шығармашылық пікір алмасу – бұл бала тәрбиесіндегі маңызды өзара байланыс алаңы. Мұнда ата-аналар мен педагогтер тәжірибе бөлісіп, жаңа идеялар ұсынып, ортақ шешімдер қабылдайды.

 Мақсаты:
– Бала тәрбиесінде ата-ана мен педагогтің серіктестігін нығайту.Шығармашылық ойлау мен жаңа идеяларды дамыту.

 Анықтамасы:
Ата-аналармен бірлескен шығармашылық пікір алмасу – бұл ата-аналар мен тәрбиешілердің бала дамуына қатысты ойларын, ұсыныстарын және тәжірибелерін ортаға салып, бірлесіп талқылау үдерісі. Бұл формат дөңгелек үстел, тренинг, ашық есік күні немесе еркін әңгіме, ойындар түрінде ұйымдастырылады.

Бір пікір – жаңа мүмкіндік!
 Бірге талқылап, бірге дамытайық!

 

https://youtube.com/shorts/IudvWUI80NQ?si=mYHa0zlZDJBflLHB