Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ «Үздік педагог» республикалық конкурсының І (аудандық) кезеңі өткізілетіні туралы хабарлайды. Жітіқара ауданының білім бөлімінің 1.09.2022 ж. № 187 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауы 2022 жылдың қыркүйек айында өтеді.
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес (2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрыққа енгізілген өзгерістермен) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ кандидаттардың өтінімі мен материалдарын келесі мекенжай бойынша ұсыну қажет: Жітіқара қ., 4мкр, №27 үй (әдістемелік кабинет) ағымдағы жылғы 19 қыркүйекке дейінгі мерзімде.
Анықтама телефоны:8 (71435) 2-35-03. «Үздік педагог» атағын беру қағидалары