Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі»КММ-сі келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
- Бастауыш білім беру мұғалімі. Жүктеме сағатпен -16 сағат, лауазымдық жалақы мөлшері-180000 теңге
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 19 қаңтардан 27 қаңтарға дейін.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
2.Үміткер болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
3. 1-тармақта көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды үміткерге қайтару үшін негіз болып табылады.
4.Мемлекеттік ұйым үміткердің құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы сұрау салу жібереді.
5.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі.
6.Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде үміткерлер құжаттарының педагогикалық қызметкерлерге қойылатын үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.
7.Үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша конкурс комиссиясы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағында үміткер көрсеткен баллдарды есептейді.
8.Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған ұпайлары негізінде қабылдайды.
9.Ең көп ұпай жинаған үміткер конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
10.Үміткерлердің ұпай саны тең болған кезде конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, оның нәтижелері бойынша тағайындауға үміткер айқындалады.