1
2
3
4

 

rukovoditel2

 

Құрметті сайт қонақтары!

Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.

Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.

Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы

 

 

 

Маршруты движения школьных автобусов

График движения школьных автобусов в школы со старой части города 2023 – 2024 учебный год

__________________

 

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесін құру туралы хабарлайды. Ұсыныстарды қабылдау жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-құрылыс мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Білімді Ұлт – «Сапалы білім» 2021 - 2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Жітіқара қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңа 95 орындық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізудің конкурстық тәртібін хабарлайды.

         Байқау мерзімі: 2023 жылдың 24 шілдесі – 2023 жылдың 14 тамызы.

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына сәйкес конкурсқа меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылық түрлеріне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің ережелерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметтерді көрсететін барлық потенциалды жеткізушілер жіберіледі.

         Қазақстан Республикасында тіл саясатын іскерасырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы) іске асыруға байланысты қазақ тілінде оқытатын топтарды (50 орын) қабылдау міндетті болып табылады. Қалған орындар қажетінше.

         Конкурс қақатысу үшін құжаттарды тапсыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»

 

         Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізудің конкурстық рәсіміне қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен және мынадай құжаттарды ұсынған мектепке дейінгі ұйымдарға рұқсат етіледі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейне бақылау камераларының, дабыл түймесі мен дауыстық дабылдың болуы туралы мәліметтер;

3) санитариялық қағидаларға сәйкес (үш топқа дейін сыйымдылығы бар) тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы мен шарт;

4) штаттық кестенің және педагог қызметкерлердің білімі туралы құжаттарының көшірмелері педагогикалық немесе арнаулы білімі бар белгіленген үлгідегі;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдаушартының көшірмесі (бар болса).   

         Конкурстық рәсімге енгізілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйымдар білім басқармасының Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жібереді, құжаттарды электронды форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды мектепке дейінгі ұйым қағаз форматта жібереді, нөмірленген, мектепке дейінгі ұйымның басшысының қолы қойылған, мөрмен куәландырылған.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды потенциалды жеткізуші Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 4 шағынаудан, №27 ғимарат мекен жайы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынады (жібереді).

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 14 тамызсағат 17:00-ге дейін.

         Сонымен қатар, мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы) арқылы комиссия келесі құжаттарды қабылдайды және олардың бар-жоғын және негізділігін тексереді:

1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

2) медициналық қызметке лицензиялар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

4) мектепке дейінгі мекемеге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бұйрыққа сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұйымдастыру «Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 ж. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелді (бұдан әрі – № 29/ке бұйрық);

5) Мемлекеттік кірістер органдарында конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынылғанға дейін кемінде бірайдан кешіктірілмейтін мерзімде есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер.

         Қосымша ақпаратты 8 714 (35) 2-22-55 телефоны арқылы алуға болады

     

Төрайым                                                                         М.Бимагамбетова