2019 жылғы 22 қарашада Қостанай облысының Өңірлік коммуникация қызметі алаңында Жітіқара ауданының әкімі А.С.Ыбыраевтың «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Жітіқара ауданында шағын және орта бизнесті дамыту,инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Аудан экономикасының негізгі капиталына86%-артуымен, 13 млрд.100 млн. теңге инвестициялар тартылды. Жалпы облыс құрылымында аудан 4-ші орында. Ағымдағы жылы ауданда 440,8 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды; Забеловка ауылының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жүргізілді, жалпы құны - 476,3 млн. теңге құрайды. Сондай-ақ, 4 шағынаудандағы №33 80 пәтерлі үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды, жұмыстарды жүргізу мерзімі-2019-2021 жылдар, жоба сомасы – 463,5 млн.теңгені құрайды. Республикалық, облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен аудандық және қалалық автомобиль жолдарының, қалалық орамішілік өтпе жолдардың учаскелерін жөндеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан барлығы 793,4 млн.теңге бөлінді.