Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 19-23 қазан аралығында құрметті отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелері арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында қашықтық форматта "Парасатты отбасы"облыстық конкурсын өткізді.
"Парасатты отбасы" байқауында Жітіқара ауданының атынан №10 орта мектеп оқушылары 5 сынып оқушысы Ахмагамбетова Айслу, 3 сынып оқушысы Ахмагамбетова Дарина қатысты.
Әкесі Талғат Мұратұлы Ахмағамбетов "Қостанай минералдары"АҚ байыту кешені бас механигінің орынбасары болып жұмыс істейді, анасы Айгүл Төлегенқызы Ахмағамбетова "Жітіқара коммунэнерго" МКК кассир болып жұмыс істейді.
Отбасы туралы бейнеролик осы байқауда 1 орын алды.
Ахмағамбетовтар отбасы грамотамен және бағалы сыйлықпен (теледидар) марапатталды.