«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 12 желтоқсанында «Туған өлке: кеше, бүгін және ертең» атты аудандық өлкетану форумы өткізілді.
Форумның негізгі мақсаты-туған өлкенің тарихын білу арқылы қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу және оқушылардың туған өлкенің тарихын зерделеуге уәждемесін арттыру. Форум жұмысына Жітіқара ауданының әкімі А. С. Ибраев қатысты.
Кездесуге Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы,Ауғанстан және басқа да жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы, ауданның жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, БАҚ өкілдері шақырылды. Форум аясында балалар шығармашылық мектебі базасында «Жүрегімде туған жерім!» жарысқа 8 команда қатысты. Гимназия командасы жеңімпаз атанды. .
Форум бағдарламасы «Жітіқара- туған елім» интерактивті картасының тұсаукесерін, «Школьный музей - традиции и инновации», «Мұқан» әскери-патриоттық бірлестігінің көрсетілімді қойылымдарын қамтыды.
Форум барысында оқушылар Абай Сарсембаевичке сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Балаларға жастарға қандай жағдай жасалатынын, өңірдің даму келешегі қандай екенін білу қызықты болды. Сонымен қатар, жеке сипаттағы мәселелер де айтылды.
Форумның шарықтау сәтінде марапаттау рәсімі болды. Жітіқара ауданының әкімі А. С. Ибраев 21 оқушыға - халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі конкурс жеңімпаздарына және 11 жетекшіге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.