1
2
3
4

 

rukovoditel2

 

Құрметті сайт қонақтары!

Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.

Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.

Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы

 

 

 

Маршруты движения школьных автобусов

График движения школьных автобусов в школы со старой части города 2023 – 2024 учебный год

__________________

 

   Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесін құру туралы хабарлайды. Ұсыныстарды қабылдау жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Жітіқара қаласы, 4-шағын аудан, 27-құрылыс мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

    Бүгінгі таңда Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға отбасына қабылдануына және баға жетпес отбасылық тәжірибе алуға көбірек мүмкіндік беретін отбасылық құрылыстың әртүрлі нысандары белсенді дамуда.

   Мемлекет балаларды орналастырудың отбасылық нысандарына баланың қажеттіліктеріне неғұрлым жауап беретін және оны әлеуметтендіру, тәрбиелеу және дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасайтын (қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, баланы қабылдайтын отбасы, асырап алу) ретінде басымдық береді.

   «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Неке және отбасы саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады:

- «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»;

- «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

- «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;

- «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою».

 

  Ағымдағы жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін білім бөлімі 5 мемлекеттік қызмет көрсетті (жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу).

   Қазіргі уақытта аталған мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ www.egov.kz электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.

   Ол үшін электрондық өтінішті және қажетті құжаттар тізбесін мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жіберу жеткілікті. Электронды өтінішті тәуліктің мереке және демалыс күндерінің уақытына қарамастан кез келген уақытта, Интернет желісіне қолжетімділігі бар кез келген компьютер, планшет немесе телефон арқылы беруге болады.

   Егер Сіз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасыңызға қабылдағыңыз келсе, оған қамқоршылықты, патронаттық тәрбиені рәсімдегіңіз немесе оны асырап алғыңыз келсе, Сіз әрқашан тұрғылықты жеріңіздегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарына жүгіне аласыз. Толық ақпаратты (8 71435) 2-70-13 телефоны бойынша алуға болады.