Құрметті сайт қонақтары!
Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ.
Біздің сайттан сізді қызықтыратын ақпаратты табасыз деп үміттенеміз.
Құрметпен, бөлім басшысы Бимағамбетова Майра Ілиясқызы
Жаналықтар
«Ана жүрегі» республикалық байқауы
«Ана жүрегі» республикалық байқауын Қарағанды қаласы «DiamondStars» жастар шығармашылық бірлестігі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне дайындады.
Байқау 9 номинация бойынша өткізілді:
1 Сурет (бейнелеу өнері)
2 Шығарма (Эссе)
3 Өлең жазу (Поэзия)
4 Көркем сөз (мәнерлеп оқу)
5 Вокал (эстрадалық вокал, академиялық вокал, халық әні)
6 Аспаптық орындау
7 Қолөнер
8 Бейнеролик
9 Хореография
Жітіқара балалар шығармашылық үйі байқауға 14 аспаптық орындау бейнероликтерін, 1 көркем сөз және 2 қолөнер туындыларын ұсынды. Барлық жұмыстар лайықты бағаланды.
«Олимпиадалық міндеттерді шешу» семинар-практикум
Ағымдағы жылдың 26 наурызында химия мұғалімдерінің оқушыларды олимпиадалық міндеттерді шешуге дайындау мәселелеріндегі әдістемелік құзыреттілігін арттыру мақсатында «Олимпиадалық міндеттерді шешу» тақырыбы бойынша семинар-практикум өткізілді.
№4 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Н.Аверкова өз сөзінде оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша жұмыстың ерекшеліктері туралы айтты.
Химия пәнінен типтік есептерді шешу үлгілерін (теориялық және практикалық аспектілері) гимназия мұғалімі Н.Молис және №3 мектеп-лицейінің мұғалімі Н.Перькова ұсынды.
Семинардың практикалық бөлігі олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын пысықтауға бағытталды.
Білім бөлімінің әдіскері А.Пивнюк оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау бойынша бірыңғай жоспар әзірлеуді ұсынды.
«Сабақтастық мектебі: мектепке дейінгіден бастауыш білімге»
2021 жылдың 26 ақпанында гимназия педагогтары «Жетекші мектептер» жобасын іске асыру шеңберінде серіктес мектептер үшін «Бастауыш оқытудың сабақтастығы мен үздіксіздігі заманауи білім беруді дамытудың стратегиясы» тақырыбында онлайн семинар – практикум өткізді.
Мақсаты- сабақтастықты ұйымдастыру мәселелерінде педагогтердің өнімді кәсіби өзара іс-қимылы үшін ақпараттық-әдістемелік жағдай жасау. МАД сыныптарының тәрбиешісі Н.Н. Евдокимованың «Сабақтастық мектебі: мектепке дейінгіден бастауыш білімге» бағдарламасы ұсынылды.
Бастауыш сыныптарды оқыту мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі С.И. Жакупованың тақырыбы – «Бірінші сынып оқушыларының сәтті бейімделуінің шарты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығы».
Педагог-психолог Д. А. Айтжанова бейімделу кезеңінде бірінші сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеудің ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Синхронды сабақты жобалау кезінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру»
2021 жылдың 2 наурызында тарих, орыс тілі және әдебиеті мұғалімдеріне «Синхронды сабақты жобалау кезінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты-қашықтықтан форматта сабақты жобалау мәселелерінде педагогтердің өнімді өзара іс-қимылы үшін ақпараттық-әдістемелік жағдай жасау.
№12 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Е. Н. Хоменко, интерактивті шағын дәріс өткізу технологиясы, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің іс-қимыл алгоритмін ұсынды.
Гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.В.Горева БЖБ-ға дайындық кезінде білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс әдістері мен нысандарын, кері байланысты жүзеге асыру тәсілдерін ұсынды.
«Мектепішілік бақылау тәрбие үдерісін тиімді басқарудың негізі»
2021 жылдың 17 ақпанында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Мектепішілік бақылау тәрбие үдерісін тиімді басқарудың негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Мақсаты - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының басқарушылық құзыреттілігін дамытуға ықпал ету.
Семинар жұмысына білім бөлімінің басшысы М.Бимағамбетова қатысты. Қатысушыларға арнаған сөзінде ол қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін атап өтіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерге назар аударды.
Теориялық материалды №4 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Самлайкина ұсынды. Наталья Юрьевна «Тәрбие үдерісін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» электрондық нұсқаулығымен таныстырды.
№ 12 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Иванова «Тәрбие үдерісін мектепішілік бақылауды ұйымдастыру технологиясы» практикумын өткізді.